«Қазақстан Республикасы азаматтарына паспорттарды, жеке куәліктерді беру» жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметті цифрлық үкімет порталы және мобильді қосымша арқылы онлайн форматта көрсету бойынша пилоттық жобаны жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бірлескен бұйрығы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Жоба процесті жетілдіру, мемлекеттік қызметті көрсету тиімділігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру мәселелері бойынша халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде әзірленді.
Жобаның мақсаты – «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызметін көрсетуді 2027 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде қолданыстағы тәртіпке балама нұсқа ретінде онлайн форматта ауыстыру. Атап айтқанда, жеке куәліктің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты, сондай-ақ оның иесінің қалауы бойынша қолданыстағы құжаттың түрін өзгертуге, яғни чипі жоқ жеке куәліктен чипі бар жеке куәлікке ауыстыруға байланысты жеке куәлікті ауыстыру туралы сөз болып отыр.
Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық және өзге де теріс салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке теріс әсер етпейді. Жобаны іске асыру қаржылық шығындарды қажет етпейді.