БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     Ішкі істер министрлігімен «Қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келетін көшіп келушілер, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жүріп-тұруы туралы ақпаратты ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгертулер енгізу жобасы әзірленді.  

     Жоба Құқықтық актілер тізбесінің 67-тармағына сәйкес әзірленді, оның қабылдануы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № 156-ө өкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының № 326-VIII Заңымен негізделген.

     Жобада «шетелдік азаматтар» терминологиясы Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 24 маусымдағы № 326- VIII Заңының қабылдануына сәйкес келтіру көзделген.  

     Жобаны iске асыру терiс әлеуметтiк-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды, ұлттық қауiпсiздiкке әсер етпейдi және республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейдi.

Қызмет бағыты