БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидалары» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасын әзірледі.

     Жоба Құқықтық актілер тізбесінің 81-тармағына сәйкес әзірленді, оның қабылдануы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № 156-ө өкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының № 326-VIII Заңымен негізделген.

     Жобада шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсат беру қағидаларын «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 18-3-бабына сәйкес, иммигранттардың эталондық базасымен өзара іс-қимыл арқылы шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың болуы сәйкестігіне тексеру жүргізу бөлігінде келтіру көзделген.

     Жобаны іске асыру уақытша және тұрақты тұруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасында болу (тұру) заңдылығын тексеруді қамтамасыз етуге, сондай-ақ осы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде пайдаланылатын мәліметтердің шынайылығын арттыруға мүмкіндік береді.

     Жобаны iске асыру терiс әлеуметтiк-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды, ұлттық қауiпсiздiкке әсер етпейдi және республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейдi. 

Қызмет бағыты