БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасын әзірледі. Аталған бұйрықпен Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ЖСН қалыптастыру және түзету бойынша мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілген.
Жоба Қазақстан Республикасының 2026 жылғы
24 маусымдағы цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері жөніндегі Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.
Жобада не көзделген:
Мемлекеттік қызметке жүгінген кезде өтініш берушінің деректері орталықтандырылған мемлекеттік деректер базасындағы мәліметтермен автоматты түрде салыстырылады. Аталған деректер базасында Қазақстан Республикасының аумағында жүрген немесе тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтер қамтылған.
Бұл тексеру өтініш берушінің жеке басын, көші-қон мәртебесін және ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растауға мүмкіндік береді.
Күтілетін нәтижелер:
Деректерді салыстыру мәліметтердің қайталану және жеке басты қате сәйкестендіру тәуекелдерін төмендетеді. Сонымен қатар мәліметтердің өзектілігін тексеруге мүмкіндік береді.
Жоба қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.