БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2023 жылғы 24 шілдедегі № 597 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 524 бірлескен бұйрығының жобасын әзірледі.
Жоба Құқықтық актілер тізбесінің 98-тармағына сәйкес әзірленді, оның қабылдануы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № 156-ө өкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының № 326-VIII Заңымен негізделген.
Жобада «цифрлық жүйе» және «шетелдік азаматтар» терминологиясы Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 24 маусымдағы № 326- VIII Заңына, сондай-ақ Цифрлық кодекстің және киберқауіпсіздік туралы заңнаманың қабылдануына сәйкес келтіру көзделген.
Жобаны iске асыру терiс әлеуметтiк-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды, ұлттық қауiпсiздiкке әсер етпейдi және республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейдi.
Жоба қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.