Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) жедел-профилактикалық іс-шараларын (бұдан әрі – ЖПІШ) өткізу Қағидаларын әзірледі.
Аталған Қағидалар ІІО-ның барлық бөлімшелері үшін ЖПІШ-ті ұйымдастыру мен өткізудің бірыңғай тәртібін белгілеуге бағытталған.
ЖПІШ өткізуге жедел және криминогендік ахуалды талдау, статистикалық деректер, сондай-ақ басшылықтың тапсырмалары негіз болады.
ЖПІШ өткізер алдында нақты мақсаттар мен міндеттер, аумақ, мерзімдер және жауапты ІІО қызметкерлері айқындалады.
Бұл ІІО күштері мен құралдарын неғұрлым проблемалы аумақтар мен бағыттарға шоғырландыруға, профилактикалық жұмыстың нысаналы сипатын және қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Қағидалар құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және жолын кесу мақсатында ішкі істер органдары бөлімшелерінің өз бетінше немесе мемлекеттік органдармен және профилактиканың өзге де субъектілерімен бірлесіп өзара іс-қимыл жасауына қойылатын бірыңғай талаптарды белгілейді.