«Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Жоба мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді пилотсыз әуе кемелеріне қарсы іс-қимыл жүйелерімен, сондай-ақ пассивті дронға қарсы қорғаныс компоненттерімен жарақтауға қатысты «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына өзгерістер енгізуді көздейді.
Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» қаулысына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және өзге де салдарға әкеп соқтырмайды. Жобаны іске асыру қаржы шығындарын талап етпейді.
Қызмет бағыты