Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 24 «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Жоба Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 24 бұйрығына мынадай түзетулер енгізуді көздейді:
- ІІМ білім беру ұйымдарына магистратура мен докторантураға түсу үшін құжаттарды беру бөлігінде редакциялық түзетулер енгізіледі, кандидаттар санатын айқындайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (МЖМБС) бұйрығына сәйкес келтіріледі.
Жоба құқықтық мониторинг және қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру шеңберінде енгізіледі.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке теріс әсер етпейді.
Жобаны жүзеге асыру қаржылық шығындарды қажет етпейді.