БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға электрондық резиденттік бағдарламасы арқылы e-резиденттің жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі.
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 24 маусымдағы Заңын қабылдау шеңберінде әзірленді, онда «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына тиісті өзгерістер енгізу көзделген.
Жобада шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға электрондық резиденттік бағдарламасы арқылы электрондық форматта e-резиденттің ЖСН қалыптастыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі көзделеді.
Осы тетікті енгізу e-резиденттің ЖСН қашықтықтан алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге, шетелдік азаматтардың мемлекеттік ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылын оңайлатуға және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, шетел азаматтары өтініш беру кезінде e-Residency шеңберінде санкциялық тізбелер (тізімдер), терроризмді қаржыландырумен және жаппай қырып-жою қарауын таратумен байланысты адамдар тізбелер тексеруді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тексеру іс-шараларын жүргізуді қоса алғанда, «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, оны іске асыру шеңберінде қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестік мәніне тексеру жүргізу көзделген.
Жобаны іске асыру электрондық резиденттік бағдарламасын одан әрі дамытуға және Қазақстанға шетелдік инвесторларды, кәсіпкерлерді және білікті мамандарды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға, оларды тіркеу есебіне және бақылауды жүзеге асыруға бағытталған.
Жобаны іске асыру әлеуметтік, экономикалық, құқықтық немесе өзге де теріс салдарларға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке ықпал етпейді.
Жоба қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.