2016 жылғы 22 шілдедегі № 757 «Жол қауіпсіздігін және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізу (Әділет министрлігінде 2016 жылғы 26 тамызда № 14161 тіркелген) туралы БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін жетілдіруге және жол қауіпсіздігі саласындағы қолданыстағы рәсімдерді өзектендіруге бағытталған бұйрық жобасын әзірледі.

     Ұсынылып отырған өзгерістер көлік құралдарын есепке алу, құжаттарды тексеру және автомобильдердің конструкциясындағы өзгерістерді рәсімдеу кезінде цифрлық жүйелерді қолдануды кеңейтуді көздейді.

     Жаңалықтар қағаз жүзіндегі құжат айналымын қысқартуға, мемлекеттік қызметтерді көрсету жеделдігін арттыруға және көлік құралдары туралы мәліметтердің өзектігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

     Жоба Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 24 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол қозғалысы және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңындағы заңнамалық өзгерістерге сәйкес әзірленді.

     Жобаның мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.

     Осы жобаны жария талқылауға қатысуға шақырамыз.

Қызмет бағыты