Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығы жобасын әзірледі, атап айтқанда:

     - «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 бұйрығына;

     - «Азаматтық және қызметтік қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 536 бұйрығына;

     - «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 254 бұйрығына;

     - «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымы саласында екінші санаттағы рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 637 бұйрығына (бұдан әрі – Жоба).

     Жобаның мақсаты – аталған бұйрықтарды 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 339 «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 15-бабының 4-тармағына сәйкес келтіру.

     Жобаның мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.

     Сіздерді осы жобаны жария талқылауға қатысуға шақырамыз.

Қызмет бағыты