«Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     Жоба Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңын іске асыру шеңберінде және процесті тұрақты жақсарту, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тиімділігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына төлқұжаттарды, жеке куәліктерді беру мәселелері бойынша халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында әзірленді.

     Сондай-ақ жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 83-7) тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

     Жобаның мақсаты – жеке басын куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігін қоспағанда) дайындауға арналған формулярды ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, беру, жұмсау және жою нысаны мен қағидаларын бекіту.

     Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және өзге де теріс салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке теріс әсер етпейді. Жобаны іске асыру қаржылық шығындарды қажет етпейді.

     Бұйрық жобасының мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.

     Сіздерді осы жобаны жария талқылауға қатысуға шақырамыз.

Қызмет бағыты