«Халықты тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 677 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Жоба Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 677 бұйрығына мынадай түзетулерді көздейді:
– «шетелдіктерді» «шетел азаматтарына», «ақпараттық» «цифрлыға», «республикаларды» «Қазақстан Республикасына» ауыстыру бөлігінде редакциялық түзетулер енгізіледі, сондай-ақ 2026 жылғы 14 шілдедегі № 350-VIII «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 9-тармақтың 1-тармақшасына сәйкестендіру.
Жоба 2026 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына және 1995 жылғы 19 маусымдағы «Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәйкестікке келтіру негізінде әзірленді.
Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық немесе өзге де теріс салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке теріс әсер етпейді. Жобаны іске асыру қаржылық шығындарды қажет етпейді.
Бұйрық жобасының мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.
Сіздерді осы жобаны жария талқылауға қатысуға шақырамыз.