«Күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 2026 жылғы 19 мамырдағы «Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің  2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 «Күзет қызметі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрық жобасын (бұдан әрі - Бұйрық жобасы) әзірледі.

     Бұйрық жобасының мақсаты – көрсетілетін қызметті алушылар анықталған кемшіліктерді жою үшін мемлекеттік қызметті көрсету процесін тоқтата тұру тетігін енгізу және цифрлық күту парағын пайдалану бөлігінде «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңдардың нормаларына сәйкес келтіру, сондай-ақ «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» және «Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру мамандандырылған оқу орталығын айқындау» мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешімді қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушіні тыңдау рәсімін алып тастау.

     Бұйрық жобасының мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.

     Сіздерді осы жобаны жария талқылауға қатысуға шақырамыз.

Қызмет бағыты