«Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 259 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі кешенді жоспардың 21-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 259 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Ішкі істер министрінің бұйрығы жобасын әзірледі.

     «Халықтың көші-қоны туралы» Заңға енгізілген түзетулерді ескере отырып, «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 259 бұйрығына өзгерістер енгізу қажет (бүкіл мәтін бойынша «шетелдіктер», «шетелдік», «шетелдіктерге» деген сөздерді «шетел азаматы», «шетел азаматтары» деген сөздерге өзгерту).

     Жобаның мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: Ашық НҚА | НҚА (egov.kz)

     Осы жобаны жария талқылауға қатысуға шақырамыз.

Қызмет бағыты