Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларын, Механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау қағидаларын, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     Түзетулер Қазақстан Республикасының 2026 жылғы
24 маусымдағы № 326-VIII ҚРЗ «Цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыру мақсатында енгізіледі.

     Жобада механикалық көлік құралын басқару құқығын тоқтату және қалпына келтіру қағидаларын бекіту көзделеді. Қағидаларда соттан тыс тәртіппен басқару құқығын тоқтату және қалпына келтірудің негіздері мен тәртібі, сондай-ақ тиісті шешімдерді қабылдау, жүргізушілерді хабардар ету, жүргізуші куәліктерін тапсыру және механикалық көлік құралын басқару құқығын қалпына келтіру рәсімдері айқындалады.

     Жобаны қабылдау әлеуметтік және құқықтық немесе өзге де теріс салдарларға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке кері әсер етпейді.

     Жобаның мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: Ашық НҚА | НҚА (egov.kz).

     Осы жобаны жария талқылауға қатысуды ұсынамыз.