«2018 жылғы 28 қыркүйектегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен күрестегі ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     2018 жылғы 28 қыркүйекте Душанбе қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер басшыларының кеңесінде «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен күрестегі ынтымақтастығы туралы келісімге» (бұдан әрі – Келісім) қол қойылды.

     Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 277-VІ ҚРЗ Заңымен аталған Келісім ратификацияланды.

     Келісім ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы күрестің тиімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ осы саладағы қылмыстарға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тараптардың құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықтың құқықтық негізін қалыптастыруға бағытталған.

     Келісімде қолданылатын терминдер мен айқындамаларды өзектендіру мақсатында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитеті Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық жасады. Осыған байланысты тиісті Хаттама әзірленді.

     Енгізілетін негізгі өзгерістер мыналарды көздейді:

  • Келісімде қолданылатын терминдердің анықтамалары нақтыланды;
  • ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстардың тізбесі толықтырылды;
  • Ұйымдасқан қылмысқа және өзге де қауіпті қылмыс түрлеріне қарсы күресті үйлестіру бюросы өзара іс-қимылды ұйымдастыру жөніндегі құзыретті орган ретінде айқындалды;
  • сұрау салуларды орындау мерзімі үш тәулік болып белгіленді (бұрын – дереу).

     Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қою өзара іс-қимыл барысында қолданылатын терминдерді өзектендіруге, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыс түрлерінің тізбесін кеңейтуге мүмкіндік береді.

     Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «2018 жылғы 28 қыркүйектегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен күрестегі ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.

     Хаттамаға қол қою республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.

     Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттама Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және заңнамасына сәйкес келеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейді.