Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     Ішкі істер министрлігі «Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу жобасын әзірледі.

     Жобаның мақсаты – ұйымдарға мемлекеттік қызмет көрсету барысында құжаттардағы қателерді немесе дәлсіздіктерді тікелей түзетуге мүмкіндік беру.

     Бұл шара қызмет көрсетуден негізсіз бас тартудың алдын алуға және құжаттарды қайта тапсыру уақытын қысқартуға мүмкіндік бере отырып, мемлекеттік органдардың клиентке бағдарлану қағидаттарына толық сәйкес келеді.

     Жобаның мәтінімен Ашық НҚА/НҚА (egov.kz) Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.

     Сіздерді осы жобаны жария талқылауға қатысуға шақырамыз.

Қызмет бағыты