«Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған рұқсат беру талаптарын және олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін, екінші санаттағы рұқсатты алуға арналған өтініштердің нысандарын, екінші санаттағы рұқсаттардың нысандарын, рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ІІМ бұйрық жобасының БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 12-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасын және Қазақстан Республикасы «Жол жүрісі туралы» Заңының 10-бабының 24-5) тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленді.

     Бұйрық жобасында көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының қызметін жүзеге асыруға рұқсат алу үшін өтініш нысанын, аталған қызметті жүзеге асыруға қойылатын рұқсат беру талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін, сондай-ақ көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту көзделеді.

     Бұйрық жобасын қабылдау көлік құралдарының жүргізушілерін даярлауды жүзеге асыратын оқу ұйымдарына қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеуге, тиісті қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру тәртібін айқындауға, сондай-ақ оқу ұйымдарының бірыңғай тізілімін жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

     Жобаны іске асыру рұқсат беру рәсімдерінің ашықтығын арттыруға, көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау саласындағы мемлекеттік бақылауды жетілдіруге және жүргізуші болуға үміткерлерді даярлау сапасын арттыру үшін жағдай жасауға ықпал етеді.

     Жобаны қабылдау әлеуметтік және құқықтық немесе өзге де теріс салдарларға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке кері әсер етпейді.

     Жобаның мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: Ашық НҚА | НҚА (egov.kz).

     Осы жобаны жария талқылауға қатысуды ұсынамыз.

Қызмет бағыты