2004 жылғы 15 қыркүйектегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің көліктегі қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Ағымдағы жылғы желтоқсан айында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Үкімет басшыларының кеңес отырысы шеңберінде 2004 жылғы 15 қыркүйектегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің көліктегі қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою жоспарлануда.
Хаттама жобасымен халықаралық байланыстағы жолаушылар пойыздарын полиция (милиция) жасақтарының алып жүруін жүзеге асырумен қатар, қылмыс жасаған, қылмыстық қудалаудан немесе жазасын өтеуден қашып жүрген, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен жеке тұлғаларды сәйкестендіруге және (немесе) олардың жеке басын растауға мүмкіндік беретін ақпарат алмасу мүмкіндігін Келісімде бекіту қарастырылған.
Хаттаманы қабылдау тараптардың ақпарат алмасу саласындағы өзара іс-қимылын оңтайландыруға, Халықаралық қоғамдастық елдерінің көліктегі қылмысқа қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастығының деңгейі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.