«Күдіктілер, айыпталушылар, сотталғандар үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
ҚР ІІМ «Күдіктілер, айыпталушылар, сотталғандар үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасын әзірледі.
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысының 15-тармағының 185) тармақшасын іске асыру үшін «Күдіктілер, айыпталушылар, сотталғандар үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы әзірленді.
Жобаның мақсаты – қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды тамақтандыруды ұйымдастыру тәртібін біріздендіру және оның тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.
Аталған нормативтік құқықтық актілерді қабылдау бюджет қаражатын бөлуді қажет етпейді.
Бұйрық жобасының мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында танысуға болады (Ашық НҚА).
Аталған жобаны көпшілікпен талқылауға қатысуға шақырамыз.