«Есірткі қылмысына қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін азаматтарды көтермелеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына қатысты консультативтік құжатының БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспардың 53-тармағын іске асыру мақсатында Ішкі істер министрлігі «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін азаматтарды көтермелеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына консультативтік құжат әзірледі.
Консультативтік құжат жобасында «Есірткі құралдары, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына азаматтардың есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге және ашуға көрсеткен жәрдемі үшін құқықтық көтермелеу тетігін енгізу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.
Заң жобасын қабылдау есірткі қылмыстылығына қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыруға ықпал етеді және әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және өзге де теріс салдарға әкеп соқпайды.
Заң жобасының мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында танысуға болады.