«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-2-бабын енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына қатысты консультативтік құжатының БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2026–2028 жылдарға арналған кешенді жоспардың 53-тармағын іске асыру мақсатында Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-2-бабын енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына қатысты консультативтік құжат әзірледі.
Консультативтік құжатта Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін басқа адамның ағзасына оның келісімінсіз психоактивті заттарды қасақана енгізгені үшін, егер мұндай әрекеттерде өзге аяқталған қылмыстық құқық бұзушылық құрамдарының белгілері болмаса, қылмыстық жауаптылықты көздейтін 299-2-баппен толықтыру ұсынылады.
Ұсынылып отырған өзгерістер қылмыстық заңнамадағы құқықтық олқылықты жоюға, азаматтардың өмір сүру, денсаулығы және жыныстық қолсұғылмаушылық құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ психоактивті заттарды жәбірленушінің келісімінсіз енгізуге байланысты қоғамға қауіпті әрекеттер үшін дербес қылмыстық жауаптылықты белгілеуге бағытталған.
Заң жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және өзге де теріс салдарға әкеп соқпайды.
Консультативтік құжаттың мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында танысуға болады.