Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға жіберудің негізгі ережелерін, көлігі арнаулы жарық және дыбыс сигналдарымен және арнайы түсті-графикалық схемалармен жабдықталуға тиіс жедел және арнаулы қызметтердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     Түзетулер Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 24 маусымдағы № 326-VIII ҚРЗ «Цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес келтіру мақсатында енгізіледі.

     Жоба жол жүрісі қағидаларының жекелеген ережелерін өзектендіруді, оның ішінде ұғымдық аппаратты (көлік құралы, мопед, велосипед, оқу автодромы, автотұрақ кеңістігі және басқа да ұғымдар) нақтылау мен толықтыруды, жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын жекелеген талаптарды жетілдіруді, сондай-ақ Қағидаларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруді көздейді.

     Жобаны қабылдау әлеуметтік және құқықтық немесе өзге де теріс салдарларға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке кері әсер етпейді.

     Жобаның мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: Ашық НҚА | НҚА (egov.kz).

     Осы жобаны жария талқылауға қатысуды ұсынамыз.

Қызмет бағыты