«Біріккен Ұлттар Ұйымының Киберқылмысқа қарсы; ақпараттық-коммуникациялық жүйелер пайдаланылып жасалатын белгілі бір қылмыстарға қарсы күресте және елеулі қылмыстарға жататын электрондық нысандағы дәлелдемелермен алмасуда халықаралық ынтымақтастықты нығайту конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына және «Біріккен Ұлттар Ұйымының Киберқылмысқа қарсы; ақпараттық-коммуникациялық жүйелер пайдаланылып жасалатын белгілі бір қылмыстарға қарсы күресте және елеулі қылмыстарға жататын электрондық нысандағы дәлелдемелермен алмасуда халықаралық ынтымақтастықты нығайту конвенциясын ратификациялау туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкімет Қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     2024 жылғы 24 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында Киберқылмысқа қарсы конвенциясы қабылданды. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі оның әзірленуіне белсенді қатысты.

     Конвенция – мемлекеттерге киберқылмыстың алдын алу және онымен күрес бойынша қабылданатын іс-шаралардың жиынтығын ұсынатын жан-жақты жаһандық келісімшарт. Сонымен бірге ол ауыр қылмыстар бойынша электрондық дәлелдемелермен алмасу бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

     Киберқылмысқа қарсы конвенциясының негізгі мақсаттары:

     -    киберқылмыстың алдын алудың және оған қарсы күрестің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға бағытталған шараларды қабылдауға және нығайтуға жәрдемдесу;

     -    киберқылмыстың алдын алуда және оған қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты көтермелеу, жеңілдету және нығайту;

     -    киберқылмыстың алдын алу және оған қарсы күрес мақсатында, әсіресе дамушы елдердің мүддесі үшін техникалық көмекті және әлеуетті қалыптастыруды көтермелеу, жеңілдету және қолдау – осы Конвенцияның басты мақсаты.

     Конвенцияны ратификациялау киберқылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыру, ақпаратпен және электронды дәлелдермен жедел алмасу, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес ұлттық заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру үшін қажетті заңнамалық құқықтық негіздерді құруға мүмкіндік береді.

     Осыған байланысты, Ішкі істер министрлігімен «Біріккен Ұлттар Ұйымының Киберқылмысқа қарсы; ақпараттық-коммуникациялық жүйелер пайдаланылып жасалатын белгілі бір қылмыстарға қарсы күресте және елеулі қылмыстарға жататын электрондық нысандағы дәлелдемелермен алмасуда халықаралық ынтымақтастықты нығайту конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы және «Біріккен Ұлттар Ұйымының Киберқылмысқа қарсы; ақпараттық-коммуникациялық жүйелер пайдаланылып жасалатын белгілі бір қылмыстарға қарсы күресте және елеулі қылмыстарға жататын электрондық нысандағы дәлелдемелермен алмасуда халықаралық ынтымақтастықты нығайту конвенциясын ратификациялау туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкімет Қаулысының жобасы әзірленді.

     Конвенцияны ратификациялау республикалық бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.

     Конвенция халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келеді, сонымен бірге Қазақстан Республикасы қатысушы болатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне қайшы келмейді.