Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 200 «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай үлес, жәрдемақылар мен басқа да төлемдер төлеу қағидаларын бекіту туралы» және 2017 жылғы 17 тамыздағы № 562 «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 200 «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай үлес, жәрдемақылар мен басқа да төлемдер төлеу қағидаларын бекіту туралы» және 2017 жылғы 17 тамыздағы № 562 «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі (бұдан әрі – бұйрық жобасы).

     Бұйрық жобасының мақсаты Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 10 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы арнайы мемлекеттік органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын, қорғаныс және әскери қызмет мәселелерін жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес келтіру болып табылады. Әскери қызметшінің қылмыстық іс бойынша күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарылған күннен бастап – қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарылғанға дейінгі кезеңде қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету тәртібі бойынша.

     Жобаның мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілер (ашық НҚА)  порталында танысуға болады.

     Аталған жобаны жария талқылауға қатысуға шақырамыз.

Қызмет бағыты