«Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын жетілдіру, қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 24 маусымдағы Заңды жүзеге асыру шеңберінде әзірленді.

     Жобаның мақсаты – оны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына «жазбаша түрде» және «ауысуына» деген сөздердi «қағаз түрінде немесе электрондық құжат түрінде» және «кіруіне» деген сөздермен ауыстыру бөлігінде сәйкестендіру.

     Аталған нормативтік құқықтық акті қабылдау бюджет қаражатын бөлуді талап етпейді.  

     Бұйрық жобасының мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында танысуға болады (Ашық НҚА).

     Аталған жобаны жария талқылауға қатысуға шақырамыз.

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

 Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы

Қызмет бағыты