Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына «Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл саласына қатысатын заңды тұлғалар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Жоба «Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.

Жобада есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласына қатысатын заңды тұлғалар қызметінің қағидаларын бекіту көзделеді. Қағидалар заңды тұлғалардың лицензия талаптарын, рұқсат беру құжаттарын, мемлекеттік квоталар мен қамтамасыз ету нормативтерін сақтау, сондай-ақ көрсетілген заттардың түсуін, жұмсалуын, орнын ауыстыруын, пайдаланылуын, өткізілуін, бөлінуін, тасымалдануын, жөнелтілуін, жойылуын, әкелінуін, әкетілуін және транзиттелуін есепке алуды жүргізу бөлігіндегі қызметін регламенттейді.

Қаулының қабылдануы заңды тұлғалар қызметінің бірыңғай тәртібін, есепке алу мәліметтерінің анықтығын және есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың есепке алу мәліметтері мен нақты қалдықтары арасындағы алшақтықтарды уақтылы анықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қаулы жобасының мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.

Қаулы жобасын жария талқылауға қатысуға шақырамыз.