«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 200 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын жетілдіру, қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 24 маусымдағы Заңды жүзеге асыру шеңберінде әзірленді.

Жоба бұйрықтың ережелерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестендіру мақсатында әзірленді. Атап айтқанда, «шет мемлекеттің» деген сөздерді «шетел мемлекетінің» деген сөздермен ауыстыру көзделеді.

Жобаның мақсаты – бұйрықтың ережелерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру.

Аталған нормативтік құқықтық актіні қабылдау бюджет қаражатын бөлуді қажет етпейді.  

Бұйрық жобасының мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында танысуға болады (Ашық НҚА).

Аталған жобаны көпшілікпен талқылауға қатысуға шақырамыз.

Қызмет бағыты