«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдары мен Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Бұйрықтың жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне, оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау, прокуратура және әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша, өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне сәйкес әзірленді.
Бұйрық жобасында, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне, оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау, прокуратура және әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша, өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 11 маусымдағы №306-VIII ҚРЗ Заңының 45-тармағына сәйкес «облыс, астана, республикалық маңызы бар қала» сөздерінің реттілігі «астана, облыс, республикалық маңызы бар қала» (контекст бойынша) реттінде баяндалған.
Жоба мәтінімен ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: Ашық НҚА | НҚА (egov.kz).
Аталған жобаны жария талқылауға қатысуыңызды ұсынамыз.