«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының сарбаздар, сержанттар (старшиналар) лауазымдарында күнтізбелік есептеуде кемінде сегіз жыл қызмет өткерген келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарының бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде өтеуі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 980 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 10 маусымдағы Заңды жүзеге асыру шеңберінде әзірленді.
Жобамен бұйрықтың ережелерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен сәйкестендіру қарастырылады. Атап айтқанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқығаны үшін емес, Қазақстан Республикасының бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша жоғары оқу ұйымдарында оқығаны үшін кеткен шығындар өтелетіні нақтыланады.
Жобаның мақсаты – нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестендіру.
Аталған нормативтік құқықтық актіні қабылдау бюджет қаражатын бөлуді қажет етпейді.
Бұйрық жобасының мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады (Ашық НҚА).
Аталған жобаны көпшілікпен талқылауға қатысуға шақырамыз.