«Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 1040 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Бұйрық жобасы 2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына нормативтік құқықтық актіні сәйкестендіру мақсатында әзірленді.
Жоба шеңберінде қолданылатын терминология бөлігінде редакциялық өзгерістер енгізу, оның ішінде конституциялық нормаларға сәйкес «шетелдіктер» терминін «шетелдік азаматтар» тұжырымдамасына ауыстыру көзделеді.
Бұдан басқа жобада қолданыстағы комбинациялардың таусылуына байланысты шетелдік азаматтарға тиесілі мотокөлік құралдарына және тіркемелер үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің сериялары санын ұлғайту көзделеді.
Жобаны қабылдау әлеуметтік және құқықтық немесе өзге де теріс салдарларға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке кері әсерін тигізбейді.
Жоба мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: Ашық НҚА | НҚА (egov.kz).
Осы жобаны жария талқылауға қатысуға шақырамыз.