«Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі он бір ведомстволық нормативтік құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін бұйрық жобасын әзірледі.

     Жоба 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Ішкі істер министрі бұйрықтарын сәйкестендіру мақсатында әзірленді. Енгізілетін өзгерістер редакциялық сипатқа ие және құқықтық нормаларды біркелкі қолдануды, сондай-ақ заң техникасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

     Түзету енгізілетін Ішкі істер министрінің бұйрықтары:

     - 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;

     - 2014 жылғы 15 тамыздағы  № 511 Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы»;

     - 2014 жылғы 18 тамыздағы № 516 бұйрығы «Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк білім алуын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы»;

     - 2014 жылғы 18 тамыздағы №520 бұйрығы «Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидалары»;

     - 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы»;

     - 2014 жылғы 28 қарашадағы № 853 «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгі ережені бекіту туралы»;

     - 2017 жылғы 13 ақпандағы № 107 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;

     - 2017 жылғы 26 шілдедегі № 504 «Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы»;

     - 2017 жылғы 26 шілдедегі № 505 «Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы»;

     - 2022 жылғы 18 ақпандағы № 87 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;

     - 2022 жылғы 5 наурыздағы № 118 бұйрығы «Қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылатын адамдарды өздері таңдаған тұрғылықты жеріне немесе жұмыс орнына бару жолында тегін жол жүрумен, сондай-ақ азық-түлікпен немесе ақшамен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы».

     Аталған актілерге Конституцияға сәйкес келтірілген терминологияны қолдану бөлігінде нақтылау енгізіледі: «Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала», «шетелдік азаматтар», «заңдар», «теңге», «ар-намыс пен қадір-қасиет», «тұрғын үй» ұғымдары нақтыланады. Еліміздің жоғары заң шығарушы органының ресми атауы «Қазақстан Республикасының Құрылтайы» енгізіледі. Құжаттардың мәтіндерінен ескірген «телеграф» термині алып тасталады.

     Жобаны қабылдау азаматтар мен ұйымдар үшін әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

     Жобаның мәтіні ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған: Ашық НҚА | НҚА (egov.kz).

     Осы жобаны жария талқылауға қатысуға шақырамыз.