«Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 7 сәуірдегі Заңды жүзеге асыру шеңберінде әзірленді.

     Жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестендіру мақсатында «жалғызбасты аналармен» және «анасыз» деген сөздердi «жалғызбасты ата-анамен» және «ата-анасыз» деген сөздерімен ауыстыру.

     Аталған нормативтік құқықтық актіні қабылдау бюджет қаражатын бөлуді қажет етпейді.  

     Бұйрық жобасының мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында танысуға болады (Ашық НҚА).

     Аталған жобаны көпшілікпен талқылауға қатысуға шақырамыз.

 

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

 Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы

Қызмет бағыты