Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығы жобасын әзірледі, атап айтқанда:

     - «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 бұйрығына;

     - «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымы саласында екінші санаттағы рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі  № 637 бұйрығына;

     - «Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөліністердің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 17 наурыздағы
№ 193 бұйрығына (бұдан әрі – Жоба).

     Жобаның мақсаты – «шетел азаматтары» терминін қолдану және заң шығару билігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы жоғары өкілді органы – Қазақстан Республикасының Құрылтайы деп атау бөлігінде ҚР Конституциясының 15-бабының 4-тармағына және 52-бабынының 1-тармағына сәйкес келтіру.

     Бұйрық жобасының мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында танысуға болады (Ашық НҚА).

     Аталған жобаны көпшілікпен талқылауға қатысуға шақырамыз.

Қызмет бағыты