«Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрықтың жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     ІІМ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бағытталған бұйрық жобасын әзірледі:

     Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына құқық қорғау органдарының ведомстволық оқу орындарына оқуға қабылдау рәсімін цифрландыру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

     Әзірленген рәсім «адам факторына» және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеуге, кандидаттарды іріктеу мен оқуға қабылдау процестерін оңтайландыруға, оқуға түсу кезеңдерінің ашықтығын арттыруға, сондай-ақ бұрмалаушылықтардың алдын алу үшін заманауи технологияларды пайдалануға мүмкіндік береді.

     Аталған нормативтік құқықтық актілерді қабылдау бюджет қаражатын бөлуді талап етпейді.

     Жоба мәтінімен ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: Ашық НҚА | НҚА (egov.kz).

     Аталған жобаны жария талқылауға қатысуыңызды сұраймыз.

Қызмет бағыты