«Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     Бұйрық жобасы Ішкі істер министрінің ведомстволық бұйрығын 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді («Қазақстан Республикасы Құрылтайы» деген сөздерді қосу бөлігінде).

     Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 135 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидаларын және жұмысшыларға еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақы белгілеу шарттарына сәйкес мамандығы бойынша жұмыс өтіліне мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда олардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан, мамандығы бойынша жұмыс істеген барлық жұмыс уақыты кіреді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті, Қазақстан Республикасы жергілікті өкілдік органдары депутаттарының өкілеттіктерін тұрақты негізде жүзеге асыру уақыты қосылады.

     Жоба бойынша Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының өкілеттіктерін жүзеге асырған уақытын жұмыс өтіліне қосу көзделген.

     Жобаның мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.

     Сізден осы жобаны жария талқылауға қатысуды сұраймыз.