«Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрық жобасы бойынша БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемақыларды төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 808 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасын әзірледі.

     Жоба 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі, тұрғын үй қатынастары және құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 12 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.

     Бұйрық жобасы шеңберінде бұйрық мәтініндегі «Парламент Палаталарының аппараттары, Парламент» деген сөздер «Құрылтай» деген сөздермен ауыстырылады (5,7,27,58 тармақтар), «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысы қарардың күшін жоюға байланысты 61-тармақтағы сілтеме нормасы өзгертіледі.

     Жобаның мәтінімен «Ашық НҚА|НҚА (egov.kz)» ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.

     Осы жобаны жария талқылауға қатысуды сұраймыз.