«Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 85 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрық жобасы бойынша БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 283-1) тармақшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 85 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрық жобасын (бұдан әрі – бұйрық жоба) әзірледі.
Бұйрық жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасының заңнамасын Қазақстан Республикасының Конституциясына және көші-қон, цифрландыру, бала құқықтарын қорғау, сондай-ақ отбасылық қатынастар саласындағы қолданыстағы заңдарға сәйкес келтіру.
Күтілетін нәтижелер: құқықтық қайшылықтарды жою, құқық қолдану тиімділігін арттыру, азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.
Жобаның мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.
Осы жобаны жария талқылауға қатысуға шақырамыз.