«Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     Бұйрық жобасы жүргізушілерді даярлау, емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру рәсімдерін жетілдіру мақсатында әзірленді.

     Өзгерістер енгізу қажеттілігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің жаңартылуына негізделген (2020 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен бекітілген) мемлекеттік қызметінің жаңа кіші түрімен толықтырылған  (2026 жылғы  13 наурыздағы № 145НҚ ЖЦДИМ бұйрығы). Осыған байланысты бұйрық жобасында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі регламенттелді.

     Жобаның мақсаты — қолданыстағы рәсімдерді жаңартылған Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес келтіру, сондай-ақ емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру процестерінің тиімділігі мен ашықтығын арттыру.

     Жобаны қабылдау әлеуметтік және құқықтық немесе өзге де теріс салдарларға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке кері әсер етпейді.

     Жобаның мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: Ашық НҚА | НҚА (egov.kz).

     Осы жобаны жария талқылауға қатысуды ұсынамыз.

Қызмет бағыты