Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     Ішкі істер министрлігі «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 730 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.

     Жобаның мақсаты – «шетел азаматтары» терминін қолдану және заң шығару билігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жоғары өкілді органы – Қазақстан Республикасының Құрылтайы деп атау бөлігінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-бабының 4-тармағына және 52-бабынының 1-тармағына сәйкес келтіру.

     Жобаның мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: Ашық НҚА | НҚА (egov.kz).

     Сіздерді осы жобаны жария талқылауға қатысуға шақырамыз.