Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығына «Жол жүру құжатын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 5 наурыздағы №134 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Ішкі істер министрлігі 2026 жылдың 9 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру аясында «Жол жүру құжатын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № 134 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Ішкі істер министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – жоба) әзірледі.
Бұйрық жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасының заңнамасын Қазақстан Республикасының Конституциясына және көші-қон, цифрландыру саласындағы қолданыстағы заңдарға сәйкес келтіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасында босқын мәртебесі берілген шетелдіктердің елден тыс жерлерге шығуы үшін жағдай жасау.
Күтілетін нәтижелер: құқықтық қайшылықтарды жою, құқық қолдану тиімділігін арттыру, азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.
Жобаның мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: Ашық НҚА | НҚА (egov.kz)
Осы жобаны жария талқылауға қатысуларыңызды сұраймыз.