«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қазіргі қолданыстағы заңнама нормаларына және Ішкі істер министрінің әкімшілік полиция қызметтері бойынша бұйрықтарына сәйкес келтіру мақсатында «Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасы әзірленді.
Бұйрық жобасында «шетелдіктер» терминін Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес «шетел азаматтары» деп редакциялық өзгерістер енгізу көзделген.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын талдау нәтижесінде нормативтік құқықтық актілерде бұдан басқа өзгерістер қарастырылмағаны анықталды.
Жобаның мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: Ашық НҚА | НҚА (egov.kz).
Сіздерді осы жобаны жария талқылауға қатысуға шақырамыз.
Әкімшілік полиция комитеті