«Жеке күзет ұйымдарында басшы және күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 143 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Ішкі істер министрлігі «Жеке күзет ұйымдарында басшы және күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 143 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығының жобасын (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) әзірледі.
Бұйрық жобасының мақсаты — күзетшілердің құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға және күзет қызметтерін көрсету кезінде дағдарыс жағдайларындағы іс-қимылдарға кәсіби дайындығын күшейтуге бағытталған кәсіптік даярлау тетігін жетілдіру.
Бұйрық жобасының мәтінімен ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.
Сіздерді осы жобаны көпшілік талқылауға қатысуға шақырамыз.