«Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету, транзиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1315 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     Қаулы жобасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен «Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Заңның 12-бабына, сондай-ақ «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңның 7-5-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

     Қаулы жобасымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1315 қолданыстағы қаулысына заңнамалық актілерде көзделген есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың әкелінуін, әкетілуін және транзитін бақылау жөніндегі мемлекеттік органдардың құзыретін бекіту бөлігінде өзгерістер мен толықтыру енгізу көзделеді.

     Үкімет қаулысын қабылдау уәкілетті мемлекеттік органдарға өз өкілеттіктері шеңберінде есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды әкелуге, әкетуге және транзиттеуге бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.

     Қаулы жобасының мәтінімен «Ашық НҚА» порталында танысуға болады.

     Сіздерді осы қаулы жобасын жария талқылауға қатысуға шақырамыз.