«Көлік құралдарының кепілін (кепілін тоқтатуды) тіркеу туралы» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР ІІМ бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Осы жоба «Автокөлік құралын және (немесе) олардың тіркемелерін қайта жабдықтауға куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жобаны цифрлық үкімет порталы арқылы бекітуді көздейді.
Жобаның мақсаты — мемлекеттік қызметті автоматтандыру және мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелері арасындағы интеграциялық өзара іс-қимылды іске асыру есебінен көрсетілетін қызметті алушылардың қағаз түрінде бірқатар құжаттарды ұсынуын болдырмау.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық немесе өзге де салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке кері әсерін тигізбейді.
Жобаның мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.
Сіздерді осы жобаны жария талқылауға қатысуды сұраймыз.