«Күзет қызметін, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет дабылдары құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 757 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 32 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     Ішкі істер министрлігі «Күзет қызметін, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет дабылдары құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 757 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 32 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бірлескен бұйрығының жобасын әзірледі (бұдан әрі – Бірлескен бұйрық жобасы).
     Жобаның мақсаты – жеке күзет ұйымдарына қатысты тексеру парағын мемлекеттік бақылауға, сондай-ақ тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлеріне сәйкес келтіру бөлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі, тұрғын үй қатынастары және құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2026 жылғы 12 ақпандағы Заңды іске асыру.
     Бірлескен бұйрық жобасының мәтінімен ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.
     Сіздерді осы жобаны көпшілік талқылауға қатысуға шақырамыз.

Қызмет бағыты