«Күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі, тұрғын үй қатынастары және құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 12 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында «Күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
Ішкі істер министрі бұйрығының жобасын (Бұйрық жобасы) әзірледі.
     Бұйрық жобасының мақсаты – «Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу» мемлекеттік қызмет көрсетуді алып тастау бөлігінде жоғарыда аталған заңның нормаларына сәйкес келтіру.
     Бұйрық жобасының мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.
     Сіздерді осы Бұйрық жобасын жария талқылауға қатысуға шақырамыз.

Қызмет бағыты