«Ұлттық компанияларға жеке күзет ұйымдарын құруға құқық беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 29 қазандағы № 863 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі, тұрғын үй қатынастары және құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 12 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында «Ұлттық компанияларға жеке күзет ұйымдарын құруға құқық беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 29 қазандағы № 863 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Ішкі істер министрі бұйрығының жобасын (Бұйрық жобасы) әзірледі.
Бұйрық жобасының мақсаты – ұлттық компанияның күзет ұйымын құру құқығына Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметін бақылауды жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органмен келісім-хатты алып тастау бөлігін жоғарыда аталған заң нормаларына сәйкес келтіру.
Бұйрық жобасының мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.
Сіздерді осы Бұйрық жобасын жария талқылауға қатысуға шақырамыз.