Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     Ішкі істер министрлігі «Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 224 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрық жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.
     Жобаның мақсаты – бұйрық мәтіні бойынша «ақпараттандыру саласындағы», «электрондық үкімет», «ақпараттық жүйесі» деген сөз тіркестерін «цифрландыру саласындағы», «цифрлық үкімет», «цифрлық жүйесі» деп ауыстыру бөлігінде «Қазақстан Республикасының цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік салаларындағы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы 1-бабының
76-тармағына сәйкестендіру.